БҰҰ Бас хатшысы Сомалиге көмек көрсетуге үндеді

АСТАНА.  Шілденің 24-і.  ҚазАқпарат - Біріккен  Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун барлық  елді    Сомалидегі   өтпелі  үкіметке    жедел  көмек көрсетуге      шақырды,

деп   хабарлайды  ҚазАқпарат   РБК агенттігіне  сілтеме  жасап.

Бас хатшының  айтуынша, Сомалидің  үкіметтік әскерлері    қазір     исламшыл  содырлардың екі  тобымен   қиян-кескі  ұрыс  жүргізуде   және  өтпелі үкіметтің  тағдыры қыл үстінде  тұр.    Халықаралық қоғамдастық  Сомалиге әскермен,  қару-жарақпен және     т.б. керек-жарақпен  көмектесуі керек,  дейді ол.

Сомалиде 1991 жылдан  бері    орталықтандырылған билік  жоқ,      бөлініп, бас-басына   жеке мемлекет   болып отырған     өңірлерде   қылмыстық   топтар  мен исламшыл     содырлар    билік    жүргізуде.