БҰҰ бас хатшысы «Женева-2» конференциясына шақыртулар жіберді

АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас хатшысы Сирия бойынша «Женева-2» халықаралық конференциясына шақыртулар жіберіп, Сирия билігі қатысушылар тізімін анықтады. Ресейдің «Жаңалықтар» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл жайында РФ СІМ басшысы Сергей Лавров баспасөз мәслихаты барысында мәлім етті.

«Қазіргі уақытта Бас хатшы шақыртуларды жіберді және Сирия Үкімет келісім берді және өздерінің делегацияларының құрамын хабарлады. Айтпақшы, оның құрамында 2 әйел бар. Қазіргі уақытта біз оппозиция тарапынан орын алып отырған кешігулерге алаңдаушылық танытудамыз», - деді ол.