БҰҰ Бас хатшысының өкілі Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастықты дамытуда қосқан үлесін атап өтті
Кездесу барысында Хаб комитетінің басшысы мемлекеттік қызмет саласындағы Юг-Юг форматындағы өңіраралық үшжақты ынтымақтастықтың рөлі мен мәнін атап өтті. Ол сондай-ақ ЭЫДҰ, ТМД, ASEAN мемлекеттерін қосқанда, қатысушы 35 елге дейін ұйымдардың географиясын кеңейту, Хабтың жаңа зерттеулері, жарияланымдары, бастамалары туралы хабардар етті. Азамат Хорхе Чедиек «өңірлік және өңіраралық ынтымақтастықты жалғастыруда Хабтың айрықша жұмысын» атап өтті.
Оның айтуынша, Хаб қызметі БҰҰ-да Қазақстанның орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін халықаралық әріптестікті дамытуға қосқан үлесі ретінде қарастырылады. Талқылау барысында тараптар мемлекеттік қызметті жетілдіру бойынша жаңа бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелерін де қарады. Бұдан бұрын БҰҰ Астанада Хаб құру және оның табысы Қазақстанның мемлекеттік қызметте меритократияны нығайтуды қоса алғанда, реформаларды жүргізуде өзінің сәтті тәжірибесімен бөлісуге әзірлігінің арқасында мүмкін болғанын атап өткен еді. 2014 жылы Хаб Юг-Юг форматында әлемдегі ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін БҰҰ арнайы сыйақысымен марапатталған болатын.