«Бейбіт тұрғындар қашан да құрметтеліп, қорғалуы керек», — деді Ф.Хек.
Газадағы денсаулық сақтау органдарының мәліметінше, сенбі күні Израиль әуе күштерінің Газа секторының солтүстігіндегі Бейт-Лахиядағы тұрғын ауданға жасаған шабуылынан 87 палестиналық қаза тауып, 40-тан астамы жараланған.
«БҰҰ бас хатшысы Газа секторының солтүстігіндегі бейбіт тұрғындардың жағдайының тез нашарлауына, соның ішінде жаппай көшіру мен өмір сүру үшін қажетті заттардың жоқтығына қатты алаңдайды», - деді Хак.
А.Гутерриш гуманитарлық сала мамандары мен құтқарушылар жұмыстарын кедергісіз жалғастыру үшін мейілінше жағдай жасауға шақырды.
«Газаның солтүстігіндегі ауруханаларға жасалған соңғы шабуылдар онсыз да күйіп тұрған гуманитарлық дағдарысты одант әрі күшейтіп, ондаған мың адамның өмірін қауіпке тігіп отыр», - деді Хак жауынгерлерді науқастар мен медициналық қызметкерлерді қорғауға шақырып.
БҰҰ бас хатшысы шұғыл атысты тоқтатуға шақырды.
«Газа аумағында халықаралық гуманитарлық құқықтың өрескел бұзылғанын жан-жақты бақылап отырмыз. Осы қақтығысқа қатысушы барлық тараптарды жасаған халықаралық қылмыстары үшін жауапқа тарту маңызды. Шұғыл түрде Газа аумағында қалған тұтқындарды босатып, уақыт күттірмей атысты тоқтату керек», - деді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін Израиль Сыртқы істер министрі Исраэль Кац БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришке еврей мемлекетіне кіруге тыйым салғанын жазған болатынбыз.