БҰҰ басшысы кореяаралық келіссөздің табысты өткендігін құптады

АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Корея Халықтық-Демократиялық Республикасы (КХДР) мен Корея Респубикасы арасындағы келіссөздің табысты өткендігін, сондай-ақ Пхеньянның Пхенчхандағы Қысқы Олимпиада ойындарына қатысуға шешім қабылдауын құптады.

Бұл туралы БҰҰ Жаңалықтар орталығы хабарлады.

 Антониу Гутерриштің пайымдауынша, осындай «арналар» өзара түсініспеушілікті және аймақтағы шиеленісті бәсеңдету үшін өте қажет.

Бас хатшы сондай-ақ, бұл Сеул мен Пхеньян арасындағы байланысты қайта жаңартуға  мүмкіндік туғызатындығына сенім білдірді.