Сапар бағдарламасында елдің ресми тұлғаларымен кездесіп, бітімгер әскерлерді дайындайтын орталықты көру.
БҰҰ басшысы Азиялық Баос форумында сөз сөйлейді.
«Бейжіңде Бас хатшы ҚХР-ның Бас хатшысы Си Цзиньпиньмен, Қытай коммунистік партиясы Орталық комитеті саяси бюросының мүшесі Ян Цзечимен, сыртқы істер министрі Ван Имен, сонымен қатар Мемлекеттік кеңестің премьері Ли Кяцпен кездеседі»,-деп хабарлады БҰҰ-ның баспасөз хатшысы.
Халықаралық ұйым басшысы полиция қызметкерлерін бітімгерлік операцияларға дайындайтын орталыққа барады.
Антониу Гуттериш Хайнань провинциясында сәуірдің 8-11 аралығында өтетін Азиялық Баос форумына қатысады.