Ол бұған дейін «БҰҰ басшылығына әйелдің келуі әлем үшін қажет», деп мәлімдеме жасаған болатын.
Х.Кларк қазіргі уақытта БҰҰ-да маңыздылығы жағынан үшінші лауазымды қызметте. Ол осы ұйымды дамыту бағдарламасына жетекшілік жасайды.
Журналистердің БҰҰ-ны әйел басқаратын уақыт жетті ме деген сауалына жауап берген ол: «Меніңше, бүкіл әлем әйелдері бұл сұраққа «Иә!» деп жауап берер еді. 2016 жылы әйел АҚШ Президенті лауазымына негізгі кандидаттың бірі болады. Қазірдің өзінде Халықаралық валюта қорын әйел басқарады. АҚШ Федералды резерв қызметінің басшылығында да әйел бар. Әйелдер көптеген биіктерді бағындыруда. Демек, әйелдердің де «БҰҰ-ға ше?» деп сұрайтын уақыт келеді», - деді.
Айта кетейік, 1999 жылы Хелен Кларк Жаңа Зеландияның тұңғыш әйел Премьер-Министрі болған еді.