БҰҰ босқындарды құтқарушыларды марапаттады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Заңсыз мигранттарды құтқарған грекиялық еріктілер босқындар ісі жөніндегі БҰҰ комиссары басқармасының жыл сайынғы марапаты - Нансен сыйлығын алды.

Екі мыңға жуық кәсіби емес еріктілерден құралған  "Эллада" құтқару командасы өткен жылы «босқындар дағдарысы» өршіген кезінде Эгей теңізінде екі жарым мыңнан астам адамды құтқарған, деп жазды euronews.com.

Команда жұмысы теңіздегі адамдарды құтқарумен шектелген жоқ: еріктілер жағалаудағы босқындарға психологиялық және құқықтық көмектер көрсетті, сонымен бірге босқындардың қажеттілігі үшін қайта жарақталған бұрынғы балалар лагеріне орналастыруға жәрдем берді.