БҰҰ босқындарға көмектесуге 180 миллион доллар сұрап отыр

АСТАНА.  Тамыздың  18-і. ҚазАқпарат -   Біріккен  Ұлттар Ұйымының Таяу Шығыстағы    агенттігі  әлем  жұртшылығына Газа секторындағы гуманитарлық жобаларды  қаржыландыруға     180  миллион доллардай  қаржы  бөлу туралы      өтініш жасады.

 ҚазАқпарат   бұл туралы  ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне  сілтеме  жасап хабарлайды.

 «Ұйымның босқындарға  төтенше көмек көрсету жөніндегі   жұмыстарын   жалғастыруға 181 миллион  доллар   қажет.  Израильдің    жердегі операциясынан кейінгі 7  айда және  қоршаудан кейінгі үш жылдан  соң босқындардың  әлі  де    адам төзгісіз жағдайда  өмір сүріп жатқаны  аянышты және   ұят  жағдай»,  деп мәлім  етті      Газа секторындағы БҰҰ миссиясы  жетекшілерінің  бірі Аднан Әбу-Хасну.

 Ол сондай-ақ,    қыста болған  әскери   операциядан    қатты зардап шеккен  анклавты    қалпына келтіру  үшін  қолда бар ресурстарды    толыққанды     пайдалануға     Израиль қоршауы мүмкіндік  бермей  отырғанына  нала білдірді.