БҰҰ-да Ахмадинежадтың сөзі кезінде АҚШ делегациясы орындарынан тұрып кетті
Бұл тексеру «болған оқиғаға қатысты түрлі көзқарастарды ескеруге және оларға тыйым салмауға» мүмкіндік береді, деп санайды ол. «2001 жылғы қыркүйектің 11-індегі лаңкестік әрекеттің үш долбары бар. Оның біреуі - АҚШ-тың аумағына қуатты
лаңкестік топтың кіргені туралы долбар», - деді Иран Президенті өз сөзінде. Ал екінші долбар ретінде Ахмадинежад, «американ экономикасының құлдырауын тоқтату және Таяу Шығысқа пәрмендерін күшейту үшін, ол қылмысты АҚШ басшылығының кейбір өкілдері өздері ұйымдастыруы» мүмкіндігі туралы пікірін білдірді. «Халықтың көпшілігі осы пікірмен келіседі», деді Иран басшысы өз сөзінде. Дәл осы сөзден кейін АҚШ делегациясы Бас Ассамблея залын тастап, шығып кетті.
Ахмадинежадтың пікірінше, үшінші долбар, «ол американ үкіметі өзі қолдау көрсеткен және қалыптасқан жағдайды өз мақсаттары үшін пайдаланған лаңкестік топтардың шабуылы». Сондықтан да, алдымен сол лаңкестік оқиғалардың барлық себептері мен фактілеріне тәуелсіз тексеру жүргізген дұрыс болады», дейді Иран Президенті.