«Сионистік криминалдық режімнің өкілдері менің елімді негізсіз айыптады. Иран ешқашанда бейкүнә адамдарға жасалған мұндай қара ниетті шабуылға қатыспайды», - деді ирандық дипломат.
Естеріңізге сала кетейік, 18 шілде күні кешке қарай Бургастың халықаралық әуежай тұрағында демалуға келген израильдік туристер мінген автобус жарылған болатын. Жарылғыш затты жанкешті-лаңкес іске қосты. Оқиға салдарынан 7 адам ажал құшып, 33 турист жеңіл жараланды. Ал бір әйел мен бір ер адам аса ауыр халде ауруханаға жеткізілген еді.
Лаңкестік әрекеттің артынша Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұл жарылысты Иран ұйымдастырды деп айыптады.
Бұл келеңсіз оқиғадан 3 күн өткеннен кейін Бургастағы жарылысты бұған дейін беймәлім болып келген, өздерін «Джихад негізі» деп атайтын лаңкестік ұйым өз мойнына алды.