БҰҰ ДБ Алтай-Саян экоаймағының қазақстандық бөлігін кеңейту жөніндегі жобаны Шығыс Қазақстанда жүзеге асырады

None
СКЕМЕН. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасы жобасының аясында Шығыс Қазақстан аумағында орман өртін сөндіретін техниканы орналастыру үшін ұшақ тұрақтарының құрылысы жүргізіліп жатыр.

Ғаламдық БҰҰ желісі даму саласы бойынша Шығыс Қазақстанда «Алтай-Саян экоаймағының қазақстандық бөлігіндегі биоалуан түрлерді пайдалану және сақтау» атты үлкен жоба ішіндегі «Алтай-Саян экоаймағын сақтап қалу үшін сирек кездесетін табиғи аймақтар желісін кеңейту» жобасын жүзеге асыруда.

Жоба сарапшысы Олег Чугунковтың айтуынша, механикалық техникаға арналған алғашқы ұшақ тұрағы Өскемен қаласында салынып, пайдалануға берілген, енді Қатон-Қарағай және Марқакөл қорықтарында екі ұшақ тұрағы салынады.

«Ұшақ тұрақтарын өртке қарсы техникалардың орны ретінде пайдалану Қазақстанда бірінші рет жүзеге асырылып отыр және де бұл тәжірибе еліміздің барлық қорықтарында іске асатын болады», - дейді О.Чугунков.

О.Чугунковтың сөзіне қарағанда, БҰҰ ДБ Экология, табиғат ресурстарын сақтау және ядролық қауіпсіздік федеральдық министрлігі (Германия) грантының атынан қаржыландырылып отыр.