АСТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Қазақстандағы миссиясының аяқталуына байланысты БҰҰ Үйлестірушісі, БҰҰ ДБ-ның еліміздегі тұрақты өкілі Хаолянь Шуды қабылдады.
Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мемлекеттік хатшы Хаолянь Шу Қазақстандағы қызметін үш жылдай жемісті атқарғанына және БҰҰ мен еліміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтқандығына алғысын білдірді,- деді А. Әбдірахманов.
Сонымен қатар ресми өкіл бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Хаолянь Шуды 2-ші дәрежелі «Достық» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойғанын жеткізді.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.