БҰҰ Эбола туралы мобильдік қосымшасын жасап шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ ұйымның Батыс Африка елдеріндегі Эбола дертімен күрес бойынша атқарылып жатқан жұмыстарын нақты уақытта көруге мүмкіндік беретін мобильдік қосымша құрастырды.

iOS және Android базасындағы смартфондарға арналған арнайы қосымша көмегімен вирус таралған елдердегі БҰҰ жұмысы туралы жаңалықтарды оқып, материалдарды көріп, тыңдауға болады. Материалдар БҰҰ-ның барлық ресми тілдерінде: ағылшын, араб, испан, қытай, орыс, француз тілдерінде таратылады, деп хабарлады БЕЛТА.