Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV Съезінің жалпы отырысында сөз сөйлеген БҰҰ Бас хатшысының орынбасары - БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің Бас директоры Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.
«БҰҰ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл бастамасын толығымен қолдайды. Қазақстан елордасындағы дәстүрлі самммит маңызы бойынша діндер мен конфессиялар өркениеттері арасындағы ғаламдық диалогтың елеулі ықпалды факторына айналды. Қазақстан Президенті аса көрнекті саясаткер және ұлы реформатор ретінде бүкіл дүниежүзінде құрметке ие болып отыр», - деп атап өткен ол БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның Елбасы Н.Назарбаев пен съезд делегаттары атына жолдаған жолдауын оқып берді.
«Біз қиын-қыстау кезеңде өмір сүрудеміз, кедейшілік, аштық, ауру, текетірестер және басқа да жаһандық қатерлер халықаралық жауапты күтеді. Дін көшбасшылары ретінде сіздер « жүректен жүрекке» алмасу жолымен өздеріңіздің қоғамдастықтарыздағы адамдармен бұл проблемаларды шешуге қол ұшын бере аласыздар. Біз адамның діни наным-сеніміне қарамастан әртүрліліктің күш- қуатын паш ету үшін біріге аламыз», делінген БҰҰ Бас хатшысының жолдауында.