2004 жылғы 22 қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясы 8-інші және 9-ыншы мамырды Зерде және бітістіру күндері деп жариялады. Сондай-ақ, Ұйымға мүше-мемлекеттердің әрқайсысы өз жеңіс күнін, азат етілген күнін және мереке күнін белгілей алатынын атап өте отырып, барлық мүше-елдерге, БҰҰ жүйесіндегі үкіметтік емес ұйымдарға және жеке тұлғаларға жыл сайын осы екі күннің біреуін немесе екеуін де Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарының құрметіне атап өтуге шақырды.