БҰҰ футболдағы нәсілшілдікке алаңдаулы

None
АСТАНА. 22 наурыз. ҚазАқпарат - Футбол көптеген әлеуметтік мәселелер бойынша XXI ғасырдағы құндылықтарды қабылдауы тиіс.

Бұл туралы бүгін Би-би-си агенттігіне БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Нави Пиллай мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, футболда қазіргі заманғы жалпыға бірдей құндылықтардан қалыс келе жатқаны байқалуда, оның ішінде этникалық әралуандық бойынша. Пиллайдың атап өтуінше, футболда адам құқығы саласындағы заңнамаға сый-құрмет ескерілуі тиіс.

«Мен сонымен қатар үлкен клубтарды ерлердің басшылық етуіне алаңдаймын. Себебі, бұл клубтарда басшылық ететін әйелдер жоқ»,-деді жоғарғы комиссар.

«Футболға аталған мәселелер тұрғысында бастама көтерудің кезі жетті. Әсіресе, футбол - ол ерлердің әлемі дегенді айтуды жалғастыру проблемалық. Бұл мүлдем олай емес»,-деп пайымдап отыр Пиллай.