БҰҰ-ға Сауд Арабиясынан Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болудан бас тартатындығы жөнінде ресми құжат түсті

Фото: None
АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Осыдан біршама уақыт бұрын Қауіпсіздік Кеңесіне мүшеліктен бас тартатындығы жөнінде мәлімдеген Сауд Арабиясы БҰҰ-ға бұл шешім жайында ресми хабарлады.

«Мен Бас хатшының Сауд Арабиясы Корольдігінен оның Қауіпсіздік Кеңесіндегі орнына қатысты хатты алғанын растай аламын. Енді бұл мәселемен Сауд Арабиясы, Қауіпсіздің Кеңесі және БҰҰ-ға мүше елдер айналысады», - делінген ұйымның сайтында жарияланған БҰҰ өкілі Мартин Несиркидің мәлімдемесінде.

Еске сала кетейік, 9 қараша күні Сауд Арабиясы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде тұрақты мүшелікті талап еткен болатын.

Бұл талапты Сауд Арабиясының БҰҰ-дағы елшісі Абдалла аль-Моулими жасаған еді. Ол өз сөзінде Қауіпсіздік Кеңесі өкілдерінің Таяу Шығыстағы түйткілді мәселелермен күресе алмай отырғандығын атап өтті.