Отырыста Қызылорда мен Павлодар облыстарында Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды. Мәселен, Павлодар облысында бұл бағытта белсенді жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан 50-ден астам сұраныс бар жұмысшы кәсіби мамандықтарына 329 әйел оқытылды. Павлодар облысы жергілікті өкілетті органдарда әйелдердің үлесі 30 пайызға жақындаған 3 өңірдің бірі саналады. Бүгінгі күні әйелдердің аудандық мәслихат депутаттары арасындағы үлесі 29,4, қалалық мәслихаттарда 27,3, облыстық мәслихатта 21,9 пайызды құрайды.
Ал Қызылорда облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 135 шара ұйымдастырылып, 7 мыңнан аса жас қамтылды. Есепті мерзімде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімде дайындауға 2136 жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жіберілді. Оның 1500-і - әйел. Ал «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша өңірде 320 әйел оқытылып, 124 әйел шағын несие алды. Оның 54-і өз кәсібін ашты.
Мұнан бөлек, отырыста 2018 жылдың ақпанында БҰҰ салалық комитетіне ұсынылатын Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияны орындау барысы жайында ҚР-дың 5-ші баяндамасының жобасы таныстырылды.
Шара соңында Гүлшара Әбдіқалықова мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.