БҰҰ: Газа соңғы 18 айдағы ең ауыр гуманитарлық жағдайды бастан кешіріп отыр
АСТАНА. KAZINFORM – Израиль қоршауында тұрған эксклав 2 наурыздан бері гуманитарлық көмек алмаған. Бұл туралы Анадолы хабарлады.
2023 жылғы 7 қазаннан бері Газа секторы ең ауыр гуманитарлық дағдарысты бастан кешіріп отыр. Бұл жағдай Израиль енгізген толық қоршауға байланысты шиеленісе түсті — 2 наурызда барлық шекара өткелдері жабылды.
БҰҰ-ның Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасының мәлімдемесінде айтылғандай, осы бір жарым ай ішінде эксклавқа ешқандай гуманитарлық көмек жеткізілмеген. Азық-түлікке, ауыз су мен медициналық көмекке аса мұқтаж бейбіт халықтың жағдайы көмекке қол жеткізе алмау салдарынан одан әрі нашарлап отыр.
Ұйым бұл жағдайды Израильдің Палестина аймағына қарсы жаппай шабуылдарын бастағаннан бергі ең ұзақ гуманитарлық көмек үзілісі екенін атап өтті.
— Бұл — соңғы 18 айдағы ең ауыр гуманитарлық жағдай болуы мүмкін, — делінген БҰҰ-ның Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасының мәлімдемесінде.
Израиль 2 наурызда гуманитарлық көмекті толығымен тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл шешім ХАМАС-пен жасалған атысты тоқтату және тұтқындармен алмасу туралы 42 күндік келісімнің алғашқы кезеңі аяқталғаннан кейін қабылданды.
2024 жылғы 19 қаңтарда күшіне енген уақытша атысты тоқтату режиміне қарамастан, 18 наурыз күні таңертең Израиль әскері эксклавқа қарсы кең ауқымды шабуылдарын қайта бастады.
Айта кетелік Нетаньяху Газадағы 10 израильдік тұтқынды босатуға ниетті.