Женевада өткен баспасөз брифингінде УВКПЧ ресми өкілі Равина Шамдасани мәлімдегендей, 7 шілдедегі жағдай бойынша басқарма көмек тарату орындарында 798 адамның қаза тапқанын тіркеген.
— Олардың 615-і — Газа гуманитарлық көмегі қорының нысандары маңында, ал 183-і — гуманитарлық көмек автоколонналары жүретін бағыттарда көз жұмған болуы мүмкін, — деді Шамдасани.
Оның айтуынша, құрбандардың басым бөлігі оқ жарақатынан қаза тапқан. «Бұл — мүлде қолайсыз жағдай. Алайда ол әлі де жалғасып отыр» — деп қосты ол.
Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) басшысы Газадағы жағдайға алаңдап, жанармай, азық-түлік пен дәрі-дәрмектің барлық мүмкін жолдар арқылы кіруіне дереу және кедергісіз рұқсат беруге шақырған болатын.
БҰҰ Газада 50 мың жүкті және бала емізетін әйел бірнеше күннен бері аш отырғанын айтып, дабыл қаққан еді.