БҰҰ Бас хатшысының баспасөз хатшысының орынбасары Фархан Хак күнделікті баспасөз мәслихатында Газадағы оқиғалар туралы хабарлады.
Хак азық-түлік алу үшін ешкімнің өмірін қатерге тігуге болмайтынын айтып, бейбіт тұрғындардың кез келген жағдайда қорғалуы керектігін атап өтті.
Ол жеткілікті көмектің халыққа еркін бөлінуін қамтамасыз ету қажеттігіне назар аудартып, бірнеше айға созылған тапшылық дағдарысты одан әрі ушықтыра түскенін ескертті.
Оның айтуынша, бұл Газаға көмек жеткізудегі кедергілерді жоюды және гуманитарлық қызметкерлердің өз жұмыстарын тез әрі қауіпсіз орындауын қамтамасыз етуді талап етеді.
Хактың хабарлауынша, Газада соңғы екі күнде Израильдің «әскери» көмек тарату пункттерінен азық-түлік алуға әрекеттенген 100-ден астам адамның қаза тапқан және жүздеген адам жарақат алған.
Бұған дейін ХАМАС Газадағы гуманитарлық блокада алынбайынша келіссөздерге қатысудан бас тартқанын жазған болатынбыз.
Франция Газа секторынан босқындарды қабылдау бағдарламасын уақытша тоқтатты.
Ал Германия Газа секторына әуеден гуманитарлық көмек тастай бастады.