ҚазАқпарат бұл туралы «Азаттық» радиосына сілтеме жасап хабарлайды.
БҰҰ мәлімдемесінде, Ирактағы саяси ахуалды тұрақтандыру үшін сайлау өткізудің қажеттілігі атап көрсетіледі. Дегенмен, ел Конституциясына сәйкес дауыс беру қаңтар айында өтуі керек болатын, бірақ сайлау заңнамасына қатысты келіспеушіліктерге байланысты сайлаудың өз мерзімінде өтуі екіталай болып отыр.
Сайлау өтетін күннің ауыстырылуы келер жылдың тамыз айына қарай барлық жауынгерлерлік бөлімшелерін Ирактан шығара бастау туралы АҚШ-тың жоспарына кедергі келтіруі мүмкін, дейді сарапшылар.