БҰҰ Каддафидің қызынан ізгілік елшісі атағын алып тастады

АСТАНА. 24 ақпан. ҚазАқпарат - Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) ливиялық диктатор Муаммар Каддафидің қызынан ізгілік елшісі атағын алып тастады.

БҰҰ Даму бағдарламалары өкілдері бүгін хабарлағандай, халықаралық ұйым Ливиядағы ушыққан жағдайға байланысты Айша әл-Каддафимен келісімді бұзды, деп хабарлайды РБК Associated Press-ке сілтеме жасап.

Айша әл-Каддафи 2009 жылдың 24 шілдесінде Ливияда ізгілік елшісі болып тағайындалған еді. Кедейлікпен күрес және әйелдерге қарсы зорлық, ВИЧ тараған Солтүстік Африка елдеріндегі өзекті мәселелермен күресу Ливия көшбасшысы қызының міндетіне кірді.