БҰҰ Қандағардағы өз миссиясын уақытша жауып, шетелдік қызметкерлерін Кабулге көшірді

АСТАНА. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат - Біріккен Ұлттар Ұйымы сейсенбі күні мәлімдеме жасап, Қандағардағы миссиясын жауып, қауіпсіздік мақсатында оның шетелдік қызметкерлерінің бір бөлігінің Кабулге көшірілгенін мәлім етті.

Миссияның ауғандық қызметкерлеріне үйлерінен шықпай отыру туралы нұсқау берілді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Бұл уақытша шаралар. Себебі алдағы күндері Қандағар ауданында АҚШ әскерлерінің «Талибан» қозғалысына қарсы үлкен операциясы басталуы керек.