БҰҰ-ның Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы департаментінің хабарлауынша, "Әзірбайжан, Иран, Ресей, Қазақстан және Түркіменстан Тегеран конвенциясы деп аталатын Каспий теңізі бассейнінің экологиясын қорғау жөніндегі хаттамаға қол қойған". Құжатта "теңіз экологиясына негізгі қауіп ауыл шаруашылығы мен шикізат өндіру саласынан төнетіні" айтылған.
Бес мемлекет министрлері 10-12 желтоқсанда Мәскеудегі кездесулерінде қосымша хаттамаларға қол қойған болатын, деп хабарлайды «Азаттық».
13:57, 14 Желтоқсан 2012
БҰҰ: Каспий маңындағы бес мемлекеттің теңіздің экологиялық жағдайын қорғау жөнінде келісімге келгені өте маңызды қадам
АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Біріккен Ұлттар Ұйымы Каспий теңізі маңында орналасқан бес мемлекеттің теңіздің экологиялық жағдайын қорғау жөнінде келісімге келгенін "өте маңызды қадам" деп бағалады.