АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі ерекше ерлігімен көзге түскен ұйым бітімгерлері үшін Мбайе Дианенің атындағы медаль тағайындады.
1994 жылы Руандадағы геноцид кезінде ол осы елде БҰҰ миссиясында қызмет етіп, бірнеше жүздеген адамның өмірін аман алып қалу жолында жанқиярлық ерліктің үлгісін көрсеткен.
Награданы тағайындау рәсімінде медаль дизайны әзірге айқындалмағаны айтылды. Қауіпсіздік кеңесінің шешімі бойынша бұл жұмысты алты айдың ішінде Бас хатшылық іске асырмақ.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.