Ұйымға мүше мемлекет өкілдері барлық тарапты ұстамдылыққа шақырып, қателіктер жасамауын сұрады. Олар халықаралық заңдарға сәйкес, Украина елінің тәуелсіздігін, егемендігін, мемлекет біртұтастығын сақтаудың маңызы зор екенін жеткізді. Отырыстан кейін Батыс дипломаттары Ресейді Қырым жерінен өз әскерін алып кетуіне үндеу тастады. Сондай-ақ шұғыл өткізілген бас қосу кезінде халықаралық сарапшылар Украинаға арнайы бақылау тобын жіберуді ұсынды, деп хабарлайды 24.kz.
15:47, 02 Наурыз 2014
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Қырымға бақылау тобын жіберуді ұсынды
АСТАНА. ҚазАқпарат -БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Украина мәселесіне қатысты шұғыл отырыс өткізді.