БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Сирияда зардап шеккендердің гуманитарлық көмекке еркін қол жеткізуі туралы қарар қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Сирияда елдің барлық аумағындағы жанжалдарда зардап шеккендердің гуманитарлық көмекке еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету талаптарымен қарар қабылдады, деп хабарлады РБК.

Қарар Сирияның және майдан шебі шекараларының көмекті тікелей жеткізу үшін ашық болуын көздейді, деп хабарлады Би-Би-Си. Онда сириялық оппозицияға лаңкестік ұйымдармен байланысты тоқтату жөнінде талап қойылған.

Сирияда 2011 жылғы наурызда жанжал басталғаннан бері 100 мыңнан астам адам қазаға ұшырады. Елдің 9,5 млн.-нан астам тұрғыны өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.