БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Волгоградта болған лаңкестікті айыптады

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Волгоградтағы лаңкестікті айыптап, оны ұйымдастырған және іске асырған кінәлілерді жауапкершілікке тарту қажеттігін мәлімдеді.

«Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері 2013 жылдың 29 қарашасында Волгоград вокзалында болған лаңкестік шабуылды үзілді-кесілді айыптайды. Аталған оқиға салдарынан бірнеше адам өлім құшып, жарақаттанды», - деп жазылған Қауіпсіздік кеңесінің баспасөз қызметкерлеріне арнаған мәлімдемесінде. Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері қаза болғандардың отбасыларына, сонымен бірге Ресей халқы мен билігіне көңіл айтты.

Өз мәлімдемелерінде Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері «лаңкестік актісінің ұйымдастырушылары мен демеушілері және оны іске асырғандарды жауапкершілікке тарту керектігін» атап өтті, барлық елдерді олардың БҰҰ ҚК-дегі халықаралық құқық пен сәйкес қарарлар аясында шабуылды тергеуде Ресей билігімен белсенді ынтымақтасуға шақырды.

Волгоградтың темір жол вокзалында лаңкестік оқиға 29 желтоқсан күні күндіз орын алды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС. Салдарынан 16 адам қаза тауып, 37 адам ауруханаға жатқызылды. Алдын ала болжам бойынша, жарылысты өзіне-өзі жарған лаңкес жүзеге асырған.