БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бес жаңа тұрақты емес мүшесі сайланды

АСТАНА. Қазанның  16-сы.  ҚазАқпарат  -Біріккен  Ұлттар Ұйымының Бас   Ассамблеясы  бейсенбі күні  дауыс  беру  барысында   Бразилия,  Нигерия,  Габон, Ливан,  сондай-ақ Босния  мен Герцоговина елдерін    БҰҰ  Қауіпсіздік   кеңесінің  жаңа  тұрақты емес мүшелері   ретінде сайлады,  деп  хабарлайды «Азаттық»  радиосы.

Аталған елдердің  өкілдіктері   келесі  жылдың    қаңтар  айынан  бастап  күшіне енеді.

Бас Ассамблея Қауіпсіздік  кеңесінің  10 тұрақты емес мүшесінің  қатарынан бес елді  жыл  сайын  жасырын дауыспен   екі жыл мерзімге     сайлайды.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің вето құқығына  ие   тұрақты  тағы бес мүшесі бар,  олар   - Ұлыбритания, Қытай, Франция,   Ресей  және  АҚШ  елдері.