БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жекелеген мүшелерінің әлемге билік жүргізуіне жөн жоқ - Ахмадинежад

АСТАНА.   Қыркүйектің  24-і.  ҚазАқпарат -    Иран  Президенті Махмұд Ахмадинежад   БҰҰ Қауіпсіздік    кеңесінің «бірнеше»     мүшелерінің әлемдік  қоғамдастыққа билік    жүргізуінің жөні жоқ  екенін  және      оларға  берілген  вето   құқықтарын  алып тастау  қажеттілігін    мәлім етті.

 Бұл туралы «РИА  Новости» агенттігі  хабарлады

 БҰҰ  Қауіпсіздік  кеңесінің   тұрақты мүшелері  -  РФ, АҚШ,   Ұлыбритания, Қытай және  Франция.

 «Шешімдері  барлық ұлттар  мен   үкіметтердің     пікірлерімен үндесуге міндетті    БҰҰ мен  Қауіпсіздік  кеңесі,     бірнеше  үкіметтің  қабағына қарап,  солардың  мүдделері  үшін  қызмет етуде»,  деді  Иран басшысы сәрсенбі күні   БҰҰ  Бас  Ассамблеясы  сессиясында  сөйлеген сөзінде.

 Осыған байланысты  ол,   Қауіпсіздік  кеңесінің тұрақты мүшелеріне  берілген вето құқықтарын  алып тастау  қажеттілігін   мәлім етті. «БҰҰ-ны  реформалаудың  мақсаттарының бірі  -  Қауіпсіздік кеңесін   қайта құрылымдау керек, атап айтқанда кемсітушілік    вето құқығы  жеңілдіктері   алып  тасталуы керек»,  деп   мәлім  етті   Ахмадинежад.