«Біз жақындарынан айырылған отбасыларына көңіл айтамыз», - делінген БҰҰ бас хатшылығы ресми өкілінің орынбасары Фархан Хактың сөзінде.
Осыған дейін хабарланғандай, 17 қараша күні Домодедоводан 18:25-те ұшып шыққан «Татарстан» әуе компаниясының Boeing-737 жолаушылар ұшағы Қазан әуежайына қонған кезінде апатқа ұшырады. Ұшақтың бортында 50 адам болған - 44 жолаушы мен экипаждың алты мүшесі. Олардың барлығы опат болды, деп хабарлады Росбалт.