БҰҰ ҚК аясында Қазақстан шиеленістерді реттеуге тікелей қатысады - Саясаттанушылар конгресі мен Әлеуметтанушылар қауымдастығы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Біз Қазақстанның БҰҰ-ның маңызы саяси органы -Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдары тұрақты емес мүшесі болып сайлануы туралы жаңалықты ерекше ықыласпен қабылдадық, деп атап өтті Саясаттанушылар конгресі мен Әлеуметтанушылар қауымдастығында.

«Қазақстан ғылыми қауымдастығы барлық қазақстандықтарды және Ұлт көшбасшысы - ел Президенті Н. Назарбаевты жеке осынау тарихи жеңісімен құттықтайды!

Қазақстан беделді ұйымның толыққанды мүшесі болған уақыттан бастап біздің ел бейбітшілдік және гуманизм қағидарттарына ықыластылығын тұрақты дәлелдеп келеді.

Бүгінде барша әлем Қазақстанды қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтай отырып, серпінді дамып келе жатқан ел ретінде таниды. Бұл жетістіктер бізге сенімді түрде алға басуымызға мүмкіндік береді.

Қазақстандық өтінімнің артқышылығы - Ұлт көшбасшысының әлемдік қауымдастықтағы беделі.

Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы - халықаралық аренадағы елеулі жетістік, ел бастамаларын жылжытуға, ағымдағы күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша өркениетті диалог жүргізуге бірегей мүмкіндік.

Біз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің аясында Қазақстан бейбітшілдік қағидаттарына ықыластылықты барынша жоғары деңгейде көрсететініне, шиеленістерді реттеуге тікелей қатысатынына сенімдіміз.