Дипломаттар АҚШ-тың кезекті ветосын болдырмау үшін келіссөзді жалғастырып жатыр. Бұл - Израиль мен ХАМАС арасындағы екі айлық соғысқа байланысты шешім қабылдауда АҚШ-тың үшінші ветосын болдырмау мақсатында жасалып жатқан амал.
Әуелде Қауіпсіздік Кеңесі Біріккен Араб Әмірліктері ұсынған резолюцияға дауыс береді деген болжам болған. Дегенмен дауыс беру бірнеше рет шегерілді. Дипломаттардың сөзінше, БАӘ мен АҚШ соғыс қимылдарын тоқтатуға және БҰҰ аясында бақылау жүйесін орнату туралы шешім шығаруға тырысып жатыр.
Резолюция жобасы Израиль мен ХАМАС-тан құрлық, теңіз және әуе арқылы Газа секторына көмек жеткізуді жеңілдетуді талап етіп, БҰҰ-дан палестиналық анклавқа жеткізілген гуманитарлық көмекке мониторинг жасауды сұрайды.