Бұл туралы БҰҰ ҚК жанындағы Ресей өкілі Виталий Чуркин мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бірауыздан ирандық ядролық бағдарлама жөніндегі келісімді бекіту туралы қарар қабылдады. Бұл құжатта Вена келісімі толықтай орындалған жағдайда, 10 жылдан соң Ираннан барлық экономикалық санкция алынып тасталатындығы көрсетілген.