БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері Сириядағы дағдарысты реттеуде халықаралық қоғамдастық пен БҰҰ-ның күш-жігерін, оның ішінде Астана процесі аясындағы қадамдарды жоғары бағалады. Қабылданған қарарда Астана форматындағы келіссөздер ұсталған адамдардың, әсіресе әйелдер мен балалардың тез арада босатылуына, сондай-ақ қайтыс болғандардың мәйітін тапсыруға, жоғалған адамдарды анықтауға елеулі үлес қосатыны атап өтілген.
16:43, 14 Желтоқсан 2018
БҰҰ ҚК мүшелері Сирия келіссөздерінде Астана процесін жоғары бағалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Сирияға трансшекаралық гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыру туралы қарарын қолдады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.