«2014 жылдың соңында әлемде күштеп қоныс аударған адамдардың саны 59,5 миллионды құрады. Бұл бүгінде әрбір 122-ші адамның босқын, амалсыз қоныс аударған немесе пана іздеп жүрген тұлға екенін білдіреді», - деп хабарлады Бас хатшы Босқындар күнінде.
Пан Ги Мунның айтуынша, әлемде босқындар санының күн сайын көбеюі Сирия, Ирак, Украина, Оңтүстік Судан, Орталық Африка республикасы, Нигерияның солтүстік шығысында, Пәкістанда орын алған соңғы қақтығыстар себеп болып отыр.
Мәлімдемеде 2014 жылы күн сайын 42,5 мың адамның босқын, ішкі көші-қон немесе пана іздеп жүрген тұлғаға айналғандығы жайлы айтылған. «Бұл көрсеткіш тек соңғы төрт жылдың ішінде төрт есеге артқан», - делінген Бас хатшының жолдауында.