БҰҰ: Құны 50 млрд. доллар болатын түрлі электроника қоқысқа тасталған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Күллі әлемде 2014 жылы электрондық және электр техникалық өнімі қалдығының 40 миллионнан астам данасы қоқыс тастайтын жерге лақтырылды, делінген БҰҰ зерттеуінде.

Бұл туралы Би-би-си жазады.

Қалдықтардың 15 пайызы кәдеге жаратылмақ. Оның құрамындағы пайдалы материалдардың жалпы құны 50 миллиард долларға бағаланады.

Электрондық қоқыстың ішінде бағалы, сирек кездесетін металл бар, ол улану қаупі бар жағдайда көп еңбекпен алынады.

БҰҰ болжамы бойынша, барша әлемде электрондық, электротехникалық өнеркәсіп қалдықтарының көлемі таяу үш жылда 20 пайызға ұлғаймақ.