БҰҰ: Ливанға кеткен сириялық босқындар миллионнан асты

АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ мәліметінше, Сириядан Ливанға қоныс аударған босқындар саны бір миллионнан асып түсті. Ұйымның босқындар ісі бойынша Жоғарғы комиссары басқармасында бұл көрсеткіш өте жоғары екенін айтуда.

БҰҰ деректеріне қарағанда, Сирияда 2011 жылы қарулы қақтығыс басталғаннан бері осы елді тастап кетушілер жыл сайын артып келеді. БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары Антониу Гутеррештің сөзіне қарағанда, босқындардың ағылып келуі Ливанға ауыр тиіп тұр. Елдің экономикасы, сауда секторы және туризмі зардап шегуде. Сонымен қатар қоғамдық қызмет саласы қызметкерлерінің жұмысы да қиындай түскен.