«2050 жылға қарай Қазақстан халқының төрттен бірін егде жастағы адамдар құрайды. Соған қарай қарттар арасында кездесетін ауру түрлері де арта түседі деген сөз. Оның ішінде қатерлі ісік патологиясы өршуі әбден мүмкін», - деді депутат Надежда Петухова.
Оның айтуынша, республика бойынша мәліметтер науқастардың арасында дәл осы қатерлі ісіктен көз жұматындардың саны артып отырғанын көрсетеді. «Сондықтан да, осы санаттағы науқастардың басым бөлігі кәсіби медика-психологиялық көмектерге зәру. Ендеше олардың өмір сапасын арттыру жан-жақты дамытуды, емдеу үдерісінің жаңа тәсілдерін қолдануды талап етеді», - деді депутат.