БҰҰ: Мамырдан бері 1200 нигериялық опат болды

АСТАНА. 17 желтоқсан. ҚазАқпарат - Биылғы мамырдан бері Нигерияда кем дегенде 1200 әскерилер мен бейбіт тұрғындар және «Боко харам» исламшыл тобының өкілдері қаза болды. Сол кезде елдің солтүстік-шығысында төтенше жағдай жарияланған болатын.

БҰҰ мәліметі бойынша жаппай адам өлтірудің негізгі үлесі Адамава, Борно және Йобе штаттарына тиесіле болды.

Бұл төтенше жағдай жарияланғаннан бері БҰҰ-ның алғашқы деректері.