«Біз Мария Шараповаға осыған дейін бірлесіп атқарған жұмыстары үшін алғысымызды айтамыз. Ол әсіресе, Чернобыль атом электр стансасындағы апаттан зардап шеккендерге көп көмегін тигізді. Алайда, келеңсіздіктерге байланысты тергеу уақыты кезінде Мария Шараповамен арадағы ерікті елші ретіндегі серіктестігімізді доғару туралы шешім қабылдадық», - деп мәлімдеді БҰҰ өкілі.
Еске сала кетейік, өткен аптада Мария Шарапованың допингке қарсы тексеру кезінде тыйым салынған мельдоний дәрісін қолданғаны анықталды. Осыған байланысты 12 наурыздан бастап барлық жарыстардан шеттетілген болатын.