БҰҰ хабарлауынша, ресурстарды тиімді пайдалану қоршаған ортаны сақтауға көмектесіп қана қоймай, жұмыс орындары, тең мүмкіндіктер, салауатты орта, білім, қауіпсіздік және қанағаттанарлық өмір сияқты көптеген басқа да артықшылықтарды тудырады. Сондықтан да маңызды мерекеде мынадай ескертпелерді назарға алуды ұсынды.
1. Басқаларды ойлаңыз.Бүгінде дүние жүзінде 700 млн-нан астам адам кедейлікте өмір сүріп жатыр. Олардың көбі денсаулық, тамақтану, білім, су және санитария сияқты негізгі қажеттіліктерге қол жеткізе алмайды. Неліктен уақытыңыздың бір бөлігін жергілікті тегін азық-түлік тарату қызметінде немесе панасыздарға арналған баспанада ерікті болуға арнамасқа? Ешкімге өзін жалғыз сезінуге жол бермеңіз.
2. Тамақты ысырап етпеңіз. Азық-түлік қалдықтарын барынша азайтуға тырысып, жергілікті маусымдық өнімді таңдаңыз. Егер сізде қосымша тез бұзылмайтын артық өнім болса, оны жергілікті азық-түлік банкіне беріңіз. Мереке күндері 820 млн-нан астам адам аштыққа ұшырайды, ал қақтығыстар, COVID 19 пандемиясы және азық-түлік бағасының өсуі олардың санын тек көбейтуде. Ас – асыл сыйлық, оны ысырапқа айналдырмаңыз!
3. Салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Жеткілікті құнарлы тағамға үнемі қол жеткізу – денсаулық кепілі. Бұл бізге өсуге, аурумен күресуге және өнімді өмір сүруге мүмкіндік береді. Осы мереке маусымында мәзіріңізге бірнеше қоректік тағамдарды қосыңыз, бірақ күнделікті жаттығуларыңызды ұмытпаңыз және артықшылыққа жол бермеңіз!
4. Кітабыңызды бере салыңыз немесе сыйға тарту етіңіз.2020 жылдың наурызынан 2022 жылдың ақпанына дейін бүкіл әлем бойынша мектептер пандемияға байланысты қырық аптадан астам уақыт жабық болып немесе толық емес уақыт жұмыс істеген. Жақсы білім алмаған балалар болашақта нәпақа табудан ғана емес, қоғам дамуына зор үлес қосу мүмкіндігінен де айырылады. Кітап немесе мектеп құралдарын сыйға тарту арқылы осы мерекенің білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуге көмектесіңіз.
5. Әйелдерге қолдау білдіріңіз. Әйелдер мен қыздар Жер шарының және адамзат әлеуетінің тең жартысын құрайды, бірақ гендерлік теңсіздік бүкіл әлемде сақталуда. Бұл мереке маусымында әйелдердің маңызды рөліне басқалардың назарын аудартыңыз. Әйелдерді ұжымдағы көшбасшылар ретінде қолдаңыз. Қыздарға өмірдегі мақсаттарына жетуге жол ашатын мектеп білімі міндетті түрде қажет.
6. Суды тұтынуды азайтыңыз. Сусыз тіршілік жоқ. Су бізге ішу, тамақ өсіру, тазалау, тамақ дайындау және т.б. үшін қажет. Сонымен қатар, әлемде әрбір үшінші адам қауіпсіз ауызсуға қол жеткізе алмайды. Алдағы мереке күндері ыдыс жуу кезінде кранды жауып, бес минуттық душ қабылдаумен шектеліп, суды аз пайдалануға тырысыңыз.
7. Электр энергиясын тұтынуды азайтыңыз. Мереке – электр жарығы көп пайдаланатын уақыт. Ал әлем халқының шамамен 13 пайызы қажетті көлемде электр қуатына қол жеткізе алмайды. Биылғы жылы сәндік мақсатта электрлік жарықтандыруды пайдалансаңыз, LED технологиясын немесе энергияны үнемдейтін басқа шешімдерді таңдаңыз. Бөлмеден шыққан кезде шамдарды өшіріңіз. Ал жаңа жылда күн батареяларын пайдаланса ше? Мысалы, Римдегі шырша шамдары солардың арқасында жанды.
8. Әлеуметтік жауапты компаниялардан сатып алыңыз. Сыйлықтарды сатып алғанда, жұмыс жағдайлары жақсы, беделі бар компаниялардың өнімдерін таңдаңыз. Жергілікті өнімдер мен қызметтерді сатып алу арқылы жергілікті экономикаға қолдау көрсете аласыз.
9. Жаңашыл болыңыз.Осы мерекелерде стандартты емес шешімдерді іздеп табыңыз. Әртүрлі салаларда инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану қоғам ретінде бізге тезірек дамуға мүмкіндік береді. Әлеуметтік желілерде инновациялық және тұрақты технологиялар туралы жаңа ақпаратпен бөлісіңіз.
10. Теңсіздікті есте сақтаңыз.Мереке кезінде өз қауымдастығыңызда қандай мәселелер бар екенін біліп, теңсіздіктерді жоюдың шешімдерін іздеңіз. Еріктілік немесе қайырымдылық істерге қатысу мүмкіндіктерін зерттеңіз
11. Экологиялық тұрақты қалаларға қолдау білдіріңіз.Мереке күндері қалалар түрленіп, түрлі шамдармен жарықтандырылады. Алдағы жылы сіз күресуге дайын экологиялық тұрақты қала түрі үшін болыңыз! Қалалық кеңеспен сөйлесіп, қаланы тазарту бастамаларына қатысыңыз немесе қалаңызға ағаш сыйлаңыз.
12. Ең аз қалдық шығаратындай өмір сүріңіз. Өнімдерді қайта пайдалану және қайта өңдеу арқылы қалдықтарды азайтуға тырысыңыз. Орам материалдары аз тағам мен өнімді таңдаңыз. Тұрақты өндіріс үлгілеріне сәйкес жасалған сыйлықтар беріп, экологиялық таза орау әдістерін таңдаңыз және әлеуметтік жауапты фирмалардың өнімдерін қолдаңыз.
13. Климаттың өзгеруіне байланысты проблемаларды есте сақтаңыз.Мереке кезінде сіз жейтін тағамдар өндірісі қоршаған ортаға қалай әсер ететініне назар аударыңыз. Тамаққа көбірек бұршақ дақылдарын қосыңыз; олар қоректік және өсу үшін көп суды қажет етпейді. Аз көлік жүргізу, маусымдық өнімді сатып алу және өз сөмкеңізбен сауда жасау арқылы парниктік газдар шығарындыларын азайтуға үлес қосыңыз.
14. Теңіз ресурстарын сақтау мен орнықты пайдалануға жәрдемдесіңіз.Экологиялық таңбаланған немесе сертификатталған балық өнімдері сияқты тұрақты жолмен ауланған немесе өсірілген балықты сатып алыңыз. Су құбыры мен кәрізді бітеп тастайтын артық пластикалық қаптамалары бар тағамды сатып алмаңыз.
15. Саябақтар мен топырақты таза ұстаңыз. Демалыстан кейін көп қалдық шығуы мүмкін. Оларды жоюға жауапкершілікпен қараңыз. Батареяның химиялық заттары немесе жуғыш зат қалдықтары топыраққа сіңіп, оны ластауы мүмкін.
17. Білгеніңізбен бөлісіңіз. Осы мақаланы бөлісіп, тұрақты дамуға ықпал ететін жергілікті бастамаларға қолдау көрсетіңіз.
Фото: БҰҰ жаңалықтар қызметі / А.Успенский