Оның айтуынша, қазір БҰҰ бітімгершілік миссияларында 155 әскери қызмет етіп жүр.
— БҰҰ-ның бір сарбазға бөлген қаражаты 1500 АҚШ доллары. Біздің жалақымен салыстырғанда, бұл сома үш есе көп, — деді Дархан Ахмедиев Мәжілістің жалпы отырысында.
Сонымен қатар ол әскерилерге арналған төлемді аудару процесі жеделдетілгенін айтты.
— Бұған дейін БҰҰ төлемді Қаржы министрлігіне аударатын. Бұл қаражат біраз уатыттан соң Қорғаныс министрлігіне, сосын әскери қызметшілерге төлем ретінде жіберілетін. Енді жаңа норма аясында бұл төлем Қорғаныс министрлігіне тікелей аударылады, — деп түсіндірді министрдің орынбасары.
Бұдан бұрын хабарланғандай, қазір 150-ден астам қазақстандық бітімгер Біріккен Ұлттар Ұйымының Таяу Шығыстағы және Африка континентіндегі 7 миссиясына әскери бақылаушы, штабтық офицер және жеке дербес әскери контингент ретінде қатысып жатыр.
Бүгін Мәжіліс қабылдаған заң аясында БҰҰ-ның миссияларына қатысатын әскерилерге төлемдерді аудару тетігі жеңілдеді.
Еске салсақ, былтыр Қорғаныс министрлігі қазақстандық бітімгерлерге қай сомада өтемақы қарастырылғанын айтқан еді.