Женевада Ислам ынтымақтастық ұйымының бастамасымен өткен БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесінің арнаулы 53-сессиясында Құранды қорлау әрекеттерін айыптау қарарының жобасы талқыланды. Дауыс беруге 47 ел қатысты.
Құжаттың қабылдануына 28 ел дауыс берсе, 12 ел қарсы болды, ал 7 мемлекет қалыс қалды.
Алжир, Аргентина, Бангладеш, Боливия, Камерун, Қытай, Кот-д’Ивуар, Куба, Эритрея, Габон, Гамбия, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Малави, Малайзия, Мальдив, Марокко, Пәкістан, Қатар, Сенегал, Сомали, ОАР, Судан, Украина, Бірікккен Араб Әмірліктері, Өзбекстан және Вьетнам қарардың қабылдануын жақтап дауыс берді.
Бельгия, Коста-Рика, Чехия, Финляндия, Франция, Германия, Литва, Люксембург, Черногория, Румыния, Ұлыбритания және АҚШ қарсылық танытты.
Парагвай, Непал, Мексика, Гондурас, Грузия, Бенин және Чили қалыс қалды.
Түркияның дауыс беруге құқығы жоқ. Себебі оның БҰҰ адам құқықтары жөніндегі кеңесінің байқаушысы мәртебесі бар.