АСТАНА.ҚазАқпарат – БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк 13 наурыздан бастап Орталық Азияның екі елінің шақыруымен Қазақстан мен Өзбекстанға бес күндік сапармен келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жоғарғы комиссар Қазақстанға 16-17 наурыз аралығында келеді. Ол 17 наурызда Астанада баспасөз мәслихатын өткізеді. Оған тек БАҚ өкілдері қатысады.
Фолькер Тюрк сонымен қатар Қарақалпақстан астанасы – Нүкіс қаласында болып, адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 75 жылдығына арналған іс-шарада сөз сөйлейді.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.