деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметінен.
Шараның негізгі мақсаты Қазақстан бекіткен және зорлық-зомбылықтан қорғауды қамтамасыз ететін халықаралық келісімшарттардың негізгі баптарының құқықтық тәжірибедегі қолданысына негізделеді. Бұл семинардың ең алдымен, құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін, әсіресе Қазақстан бекіткен адам құқықтары саласындағы халықаралық құжаттардың баптарын жүзеге асыру аясында пайдасы зор. Сонымен бірге, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған құқық қорғау жүйесінің ведомствоішілік мүдделерін азаматтардың құқықтары мен мемлекеттің мүдделерін қорғауға аудару міндеттеріне негізделген.
Фридрих Эберт атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің қолдауымен өткелі отырған бұл шараға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілдері және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қатысады.