БҰҰ-ның есебі бойынша сириялық босқындардың бір миллионы - балалар

АСТАНА. 23 тамыз. ҚазАқпарат - БҰҰ-ның босқындар және балалар ісі жөніндегі агенттігінің мәліметіне қарағанда (ЮНИСЕФ) сириялық босқындардың ішінде балалардың саны бір миллионға жетті. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Атап айтқанда, босқындардың арасындағы бұл балалар бүгінде Сирия аумағынан тыс жерлерде мекен етуде.

ЮНИСЕФ-тің есебіне сүйенсек, тағы 2 миллионға жуық бала Сирияның ішінде жер аударылғандардың арасында, яғни әзірге шекара аспай, тек өздерінің үйлерін тастап кеткендердің санатына тіркелген.

БҰҰ сарапшыларының пікірінше, Сириядан кеткен босқындардың жартысын балалар құрап отыр.