Бұл туралы Брюссельде өткен баспасөз мәслихатында БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун хабарлады.
«Мониторингтік команданың алғашқы тобы кеше келіп үлгерді. Олар жағдайға бақылау жасау миссиясын іске асыруға кірісті», - деді Пан Ги Мун.
Оның айтуынша, байқау миссиясын күшейту Сириядағы зорлық-зомбылықтың тоқталуына және жанжал тараптарын диалогқа тартуға мүмкіндік береді. Бұл ретте ол сириялық билік көздеріне барынша сабырлылық танытуға шақырды.
БҰҰ-ның Бас хатшысы сондай-ақ алғашқы топтың сандық құрамы жақын болашақта 30 қарусыз байқаушыға дейін өсірілетін хабарлады. Бұдан басқа, БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі ағымдағы жылдың 18 сәуіріне қарай нақты ұсыныс дайындайды, соның негізінде бұл орган Сирияға шамамен 250 адам құрамындағы толыққанды қарусыз байқаушылар миссиясын жіберу шешімін қабылдайды.
Осыған байланысты Пан Ги Мун сириялық билік көздерін халықаралық байқаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларға жүрп-тұруының толық еркіндігін ұсынуға шақырды.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптаның соңында БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Сирияға 30 байқаушыдан тұратын алғашқы топты жіберуді көздейтін қарары қабылдады. Онда сириялық билік көздерінің байқаушылардың ел бойынша кедергісіз қозғалуын қамтамасыз етуге және оларға қажет адамдардан жеке сұрастыруға мүмкіндік беруге міндетті екені атап өтіледі. Бұдан басқа, құжатта сириялық билік көздерін қалалар мен елді мекендерден бүкіл әскерді шығаруға шақырды. Егер Сирия бұл талаптарды орындамаса, БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі қажеттілік туындаса, одан әрі тиісті шараларды талқылайтын болады.